Cover Image of Download Akzholedu 2.1 APK

4.9/5 - 89 votes

ID: org.capacitor.akzholedu.app

Download APK now

The description of Akzholedu


Akzholedu - ҰБТ-ға сапалы дайындайтын тегін әрі пайдалы мобильді қосымша. Бұл қосымшадан сіздер:
- Математикалық сауаттылық;
- Математика
- Физика
- География
Пәндерінен түсірілген теориялық және практикалық 300-ден астам бейне-сабақтарды тегін көре аласыздар. Бейне сабақтардың барлығын ҰБТ-ға дайындау өтілі 5 жылдық, тәжірибесі мол Алматы қаласының мұғалімдері түсірген. Бұл мобильді қосымша Алматы қаласында орналасқан “Akzhol Education” білім беру орталығының демеуімен жарыққа шыққан.

Математикалық сауаттылық бөлімі теория және практикадан тұрады. Сіздер алдымен теориясын қарап, дәптерге жазып алыңыздар. Ал практикаға арналған 1005 есептен тұратын БАЗА сіздердің баллдарыңызды міндетті түрде көтереді.

Математика бұл қосымшада Алгебра және Геометриядан тұрады. Осы бөлімдердің теориясы және практикасы бар. Практика Рустюмова кітабынан алынған. Сабақтар 2,5-3 сағатқа созылған.

Географиядан да теория және практика есептері қарастырылған. Аты аңызға айналған Нұрхан ағайдың видеолары сіздердің географиядан білімдеріңізді ғана көтеріп қоймай, ойлау деңгейлеріңізді, сұрақтарды логикалық жолмен табуды үйретіп береді.

Физика теория және 1200 есептен тұратын практика бөлімдерін қамтыған. Басынан соңына дейін көрсеңіздер физика пәнінен максималды балл ала аласыздар.

Математикалық сауаттылық және Математика пәндерінен бейне сабақтар түсірген – Князов Ақжол. ҰБТ-да жинаған баллы – 121 балл 125-тен, 2016 жыл. Математикадан Алматы қаласының Алмалы ауданының олимпадасының 2015 жылғы жеңімпазы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің механика-математика факультетінің түлегі.

География пәнін түсірген – Жәкен Нұрхан. ҰБТ-да жинаған баллы – 121 балл 125 баллдан. Географиядан Республикалық олимпиаданың жеңімпазы. Республикалық пікірсайыс дебат жарыстарының жүлдегері. Алтын белгі төс белгісінің иегері. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің экономика және бизнес жоғары мектебінің түлегі.

Физика пәнін түсірген – Өркен Адаев. 2017 жылы Алматы қаласында орналасқан 39 физика-математика лицейінің түлегі. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің физика факультетінің түлегі.
Show more

Akzholedu 2.1 APK for Android 5.0+

Version 2.1 for Android 5.0+
Update on 2021-04-26
Installs 1.000++
File size 5.574.286 bytes
Permissions view permissions
What's new Обновление 4 (2.1)
- Добавлен русский язык
- Добавлена черная тема

Жаңарту 4 (2.1)
- Орыс тілі қосылды
- Қара тема қосылды

Versions history:

Show more
Hit APK
Show more